Дәрігерлердің қатары көбейді

Screenshot_18.jpg

Індет жайлаған уақытта елімізде медицина мекемелерінде ақ халаттылардың жетіспеушілігі қатты байқалды. Мұндай қиындықпен Ордабасы аудандық ауруханасы да бетпе-бет келген. Колронавирус инфекциясының қайта толқуы мүмкін екенін ескерген аурухана биыл ұжымын 12 маманмен толықтырған. «пандемия кезінде тіпті кезекшілікте тұратын дәрігер таппай қиналдық. Науқастардың көптігінен мамандарымыз тіпті демалыссыз, үзіліссіз жұмыс істеді.  Осы жағдай қайталанбасын деп  ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айларында 12 дәрігерді жұмысқа қабылдадық. Олардың қатарында жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатор және аллерголог бар. Осы уақытқа дейін Ордабасы ауданында аллерголог маманы мүлдем болмаған»,- дейді аурухананың бас дәрігері Б.Мырзагелдиев. 

    Мұнда жас мамандарға барлық жағдай жасалған.   Олар аурухана басшылығымен 3 жылға келісімшартқа тұрған. Облыстық  қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан дәрігерлерг  тиесілі 1,5 миллион теңге үстемақы беріліпті. Аудан әкімдігі  жергілікті тұрғындардың денсаулығын түзетуге ат салысуға келген мамандарды баспанамен қамтамасыз етуді қолға алған көрінеді. 

   Осылайша аурухана жұмысына кіріскен 12 дәрігер пандемия кезінде орын алған маман жетіспеушілігінің алдын алмақ.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды