Қауіпсіз аурухана

Screenshot_4.jpg

Ғалымдар Ковид-19 инфекциясының аса жұқпалы екенін айтып, оның вирусы қоршаған ортада қанша уақыт өмір сүретінін анықтады. Инфекцияның аса жұқпалы екенін ескеріп, Ордабасы аудандық орталық ауруханасында науқастарды қабылдау мен қызмет көрсетуде біршама өзгерістер енгізіліп, аурудың таралуын төмендету және жұқтыру қаупін азайту мақсатында емхана бөлімінен сүзгі бөлмесі жасақталды. Мұнда науқас балаларды, жүкті әйелдерді және ересек науқастарды қабылдауға жеке кіріп шығатын есіктері бар бөлмелер бас санитар дәрігердің 43 қаулысы бойынша таза және лас аймақтарға бөліп жөндеу жұмыстары жүргізілген.

   Аудандағы аурухананың кіреберіс есігінде Санөткел орналастырылып, медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікпен ауруханаға келушілердің дене қызуын өлшеу арқылы сұрыптау жасалынып, дене қызуы бар науқастарды Сүзгі бөлмесіне жолдап отырады. ЖРВИ және пневмониямен келген науқастардан Covid-19 инфекциясына ПТР сынамалар алынып, сынаманың нәтижесі келгенше инфекция бөлімшесінде орналасқан уақытша оқшаулау бөлімінде емін қабылдай алады. 

  Сондай-ақ  перзентхана бөлімінің алдынан термометриямен медицина қызметкері қорғаныш киімімен жүкті әйелдердің дене қызуын өлшеп, дене қызуы бар немесе   Covid-19 ратсалған жағдаймен пневмониямен түскен жүкті әйелдерге сырттан кіріп шығатын есігі бар бокс палата қарастырылған. Мұнда жүкті әйелдердің қауіпсіз босануына барлық жағдайлар қарастырылған. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды