Халықты сақтыққа шақырды

Screenshot_3.jpg

Қамданған қапы қалмайды. Дүниежүзін жайлаған коронавирус инфекциясы адамзат баласына осы бір қасиетті үйретті. Кез-келген аурудың алдын алсаң дерттің айналып немесе жеңіл өтері сөзсіз. Бүгінде эпидемиялық ахуалы тұрақталған Түркістан облысында індеттен сақтану шаралары үздіксіз жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда аудандардағы медицина мекемелері  вирус жұқтырған науқастарға медицналық көмек көрсетуге  дайындалуда. Одан бөлек мобильді топ мүшелері тұрғындар арасында тәжвирусты алдын алуды, сақтанудың жолдарын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. 

Ордабасылық ақ халаттылар да қауіпті аурудан сақтану жолдарын халыққа құлақтандыру жұмыстарын жүргізуде. КВИ бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасының стационарында, орталық емханада және Қараспан, Бадам, Төрткөл, Шұбарсу елдімекендерінде орналасқан  бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталықтары, Шұбар, Қайнар, Бөржар, Бөген, Жеңіс, Қарақұм, Қажымұқан, Көктөбе ауылдарындағы дәрігерлк амбулаторияларында аула аралау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ халық арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы онлайн семинар-жаттығу сабақтары өткізілген. 

Медица мекемесінің салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерлері мен медициналық бекет, фельдшерлік акушерлік бекеттің медицина қызметкерлері аула аралап, коронавирус бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 6000-нан астам ақпараттық парақшалар таратты. 

Аурухана ішінен құрылған 18 мобильді топ ауданда тіркеліп, расталған жағдайда коронавирустың симптомсыз науқастарына қызмет көрсетуге дайын.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды