Сайрам: Шаруалар тиімді әдісті ұстанып отыр

Сарыағаш ауданында шаруалар бір жерден үш рет өнім алады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында Түркістан облысында ауыл шаруашылығын нақты нәтиже беретін 3 негізгі бағытта дамыту қажеттігін айтқан болатын, осы бағытта сайрамдық шаруалар үйіргелік жерден бір жылда үшінші рет өнім алуда. 

Түркістан облысы Сайрам ауданының бірқатар тұрғындары биыл тамшылатып суғару әдісін пайдалану арқылы осы жылға үшінші рет өнім алып жатыр. 

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Көлкент ауылдық округіне барып, іс-сапар барысында Ақсуабад ауылы, Тұмар көшесінде тұратын азамат А.Азимбаевтың үйіргелік жеріне жүргізілген тамшылатып суғару жүйесімен және диқанның жұмысымен танысты. 

Үй иесінің айтуынша, ол шағын ғана жер телімінен бүгінде екінші рет қияр өнімін жинап жатыр. Сол жерге қиярмен қатар жүгері де егіпті. Бұл биылдыққа үшінші өнім болмақ.

 Суғарудың осы бір тиімді әдісін қолданған Көлкент елді мекеніндегі «Олжа» шаруа қожалығы да жуырда екінші өнімін жинауға дайындалып жатыр екен. 

Сапар соңында аудан басшысы Ақсуабад ауылының №26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектебін аралап, білім беру нысанының алдағы оқу жылына дайындығына көз жеткізді.

Сондай-ақ, аудан басшысы Ұласбек Сәдібеков шаруалардың жұмысына оң баға беріп, шаруашылығын ұлғайтып, мол өнімге қол жеткізулеріне жан-жақты қолдаулар жасалатынын жеткізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды