Сайрам: Тамшылатып суару табысқа бастайды

На изображении может находиться: на улице, текст «PALISAD 4Hblи wлaHr noлиBo A 50m REDMI REDMINOTE 8 PRO Al QUAD CAMERA»

Түркіста облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы үй іргелік жерлерге тамшылатып суару әдісін енгізуді тапсырған болатын. Ағын судың тапшылығы қатты сезіле бастаған қазіргі кезеңде тамшылатып суару әдісін енгізу  заман талабы. Ол ең бірінші суды үнемдесе, екінші көп өнім кепілі болмақшы. Осыған орай облыста бұл жүйеге көшіп жатқандардың қатары жылдан жылға артып келеді. 

Сайрамға қарасты Ақсукент ауылдық округі бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша үй-іргелік жерлеріне тамшылатып суғару әдісін орнатуға 21 азамат ниет білдірді. 

Бүгінгі таңда 7 азаматтың өтініші қолдау тапты.Енді мемлекеттік грант алған ауыл тұрғындары өз үйлерінің маңына тамшылатып суару жүйесін құрып,егін егу жұмыстарын қолға алуда.
Израиль әдісін қолдану арқылы олар ең бастысы өздерін жұмыспен қамтыса, екіншіден егіншіліктен алған өнімді табыс көзіне айналдыруға зор мүмкіндік бермек.

Тамшылатып суару басқа суару түріне қарағанда тиімді. Тіпті шетелдік ғалымдар тамшылатып суарудың басқа суару түрімен салыстырғанда жоғары өнімділікке қол жеткізетінін анықтап отыр. Тамшылатып суару барысында жамылғы пленкаларын қолдану ылғалды сақтап қана қоймайды, арамшөптермен күресуде де тиімді. Бұл технология Қытайда ғана емес, Пәкістан, Мозамбик, Нигерия, тағы басқа елдерде 1 млн. гектардан астам жерде кең қолданылуда. Тамшылатып суару технологиясы негізінен жеміс, көкөніс, қант қызылшасы, мақта, жүгері, майбұршақ, тағы басқа дақылдар  өсіруде қолданылады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды