Бәйдібек инвестиция көлемін арттыруға ынталы

10 жылда 250 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылған

Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас­тыры­лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жол­дау­ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра­тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған. Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Бәйдібекте де ауданға инвестия көлемін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі.Биылғы жылы ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция жалпы көлемі 2 млрд 46 млн теңгені құрады. (Оның ішінде:  Республикалық бюджеттен 816,6 млн.тг,  жергілікті бюджеттен 233,6 млн. теңге, меншікті қаражат  995,8  млн.теңгеге орындалған).

Жоба құны 365 млн.теңгені құрайтын «Vine Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің темір бетон өнімдерін шығару зауыты 2021 жылдың II жарты жылдығында құрылыс жұмыстарын бастамақ. Қазіргі таңда Боралдай ауылдық округінде зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілуде (ашылатын жұмыс орны-25).

Одан бөлек, «Шаян» индустриялды аймағына жоба құны 420 млн. теңгені құрайтын травертин әрлеу тастарын шығаратын «Каз Травертин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасын орналастыруды көздеп отыр. Тиісті құжаттары индустриялды аймақ басқарушы компаниясына ұсынылып, тексеру нәтижесінде біршама түзетулер енгізілді. Жоба іске қосылған уақытта 30-ға жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады.

Қазіргі таңда индустриялды аймақтың жобалық сметалық құны есептеліп, «Түркістан» индустриялды аймақ басқарушы компания теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды