Бәйдібек: Кәсіпкерлік саласы жыл санап қарыштап дамып келеді

Өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерлік саласы кең қанат жайып, жыл сайын кәсіпкерлікпен айналысушылар саны артып келеді. Осы мақсатта өз кәсібін ашып, дөңгелетіп, мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып отырған бәйдібектіктер өзін және ортасын жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікпен айналысуда.

Бәйдібекте кәсіпкерлік саласы жыл санап қарыштап дамып келеді. Бұған қоса, жергілікті өнеркәсіп өнімі мен өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің де несібесі былтырғыдан еселенді. Нәтижесінде, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің берген ақпаратына сай, жоспарланған өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі  757,7 млн.теңге болып, нақты көлем индексі 100,6 пайызды құрады. (өткен жылдың 6 айында   881,8 млн. теңге).

Есепті кезеңде жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4365 (2019 жылмен салыстырғанда 109,7% өскен), оның ішінде 372 заңды тұлға, 1307 жеке кәсіпкер, 2686 шаруа қожалықтар.

Бөлшек сауда көлемі 1139,8 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 89,5 пайызды құрады.

99 азамат 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде гранттық қаржыландыруды ұтып алып, өз кәсіптерін жалғастыруда. «Бастау бизнес» кәсіпкерлік  жобасы аясында 300-ге жуық тұрғын кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес жоспарларын іске асыруды көздеп отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды