Ордабасы: Күрке тауықтан 30-дан астам өнім алынады

Күркетауық бағып, 23 жасында Gelandewagen мінген жігіт - Informburo.kz

Ордабасыда экономиканы дамыту тұрғысында атқарылған шаруа аз емес. Осы жылы да аудан экономиканың кенжелеп қалған түрлі секторын дамыту үшін мемлекет ілкімді іс атқарды. Басты мақсат – алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалату, яғни қолда бар шикізаттан дайын өнім әзірлеу.

Ауданда «Индустрияландыру картасы» аясында «Ордабасы құс» ЖШС-нде Израиль технологиясымен күрке тауықты өсіріп, бордақылап, етін терең өңдеу арқылы 30-дан астам өнім түрі өндіріледі. Оның  45 % ішкі рынокқа,  55%  экспортқа Ресейге шығарылуда. Кәсіпорын  500-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Ордабасы Құс» ЖШС қазіргі заманғы күркетауық фабрикасы 2010 жылдың аяғында іске қосылған болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан кешен республиканың агроөнеркәсіп саласындағы  күркетауық етінің өндірісі бойынша алғашқы жоба.

«Ор­дабасы Құс» ЖШС Ұлыбри­танияның Оксфорд қаласында Еуропалық сапа сертификатын, Париж қаласында Тәуелсіз қо­ғамдық сапа жөніндегі бір­лестіктің алтын медалін алды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды