Ордабасы: Қымызға сұраныс артты

image.png

Ордабасы ауданында түйе шаруашылығын дамыту ісі жанданып келеді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай ауданда түйе сүтін көптеп өндіріп, тиімді бағада саудалау ісі қарқынды деуге болады.

Ордабасы ауданы Қажымұқан ауылдық округінің тұрғыны Гүлжан Мырзабай 20 жылдан астам уақыт бие сауып, қымыз баптаумен айналысады. Айтуынша, бұл - ата кәсіп. Енесінен үйренген ісіне енді келінін баулып, қымыз баптаудың қыр-сырын танытуда екен. 

Қазіргі таңда 6 бие байлап отырмыз. Олар әр екі сағат сайын сауылады. Қымыздың емдік қасиеті белгілі ғой. Бүгінде пневмониямен ауырғандар, аурудың алдын алғысы келгендер сұранысты арттырды. Бірақ, біз бағаны көтерген жоқпыз. Елдің еміне септігі тисе, соны бақыт тұтып отырмыз, - дейді Гүлжан.

Сусынның бағасы тұрақты, литрі 600 теңгеден көтерілмеген. Әсіресе, саумал ерекше сұранысқа ие. Емге қабылдайтындар үшін кем дегенде 10 күн ішуге кеңес беріледі. Арасында 10 күн демалып, қайта ішу иммунитетті көтеруге мол септігін тигізеді. Саумал өкпе аурулары, рахит, жүйке жүйесінің бұзылуы, ас қорытуды қалпына келтіріп, артық салмақтан арылуға көмектеседі дейді Гүлжан Бимырзақызы. Жалпы, аудан орталығында бие ұстап, қымыз баптау кең тараған. Аудан аумағындағы жылқы саны биыл 500 басқа артып, 25 мыңға жуықтады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды