Ордабасы: Вице-министр орталық аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты

image.png

Ордабасыда бүгінде эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанып, аудандағы кәсіпкерлік нысандар жұмыстарын қайта жандандыруға қамдануда. Ауданда соңғы мәліметтерге сүйенсек, науқастардың 90 %-і емделіп шыққан.

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына келді. Вице-министр ауданға арнайы іс-сапармен келген, ол алдымен аудандық орталық аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты.

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндап, аурудың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Бүгінге дейін аудан басшысының ықпалымен аудандық орталық ауруханаға қайырымдылық қоры арқылы 11дана оттегі концентраторы, 3 жиынтық оттегі рампасы, 60 оттегі баллоны алынған. Ауруханада науқастарды емдеуге 9 ИВЛ қондырғысы қолданылуда.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жедел жәрдем шақыру динамикасы соңғы 2 айда 29%-ға азайған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды