Ордабасы: Кәсіпкерлер жұмыстарын қайта бастауға мүмкіндік алады

image.png

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Ордабасы аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Искаков Асқар Бекболатович, аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Ташимова Фатима, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиал директоры Бердимуратов Сейдахмет Бакдаулетулы қатысуымен ШОБ саласында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы онлайн баспасөз конференциясын өткізді.

Жалпы бүгінде ауданда 11068 кәсіпкерлік нысан шағын және орта кәсіп бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде 10609-ы белсенді саналады. Жалпы алғанда кәсіпкерлердің 95,8 %-і белсенді кәсіппен айналысады. Елімізде орын алған пандемиялық жағдай, карантиндік режиміне байланысты бұл кәсіпкерлік нысандардың бірқатары жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған. 

Тікелей эфир барысында басқарма басшысы 17 тамыздан бастап барлық өңірде карантин шешіліп, кәсіпкерлер өз кәсіптерін жаңғырту үшін арнайы рұқсатнама алуға мәндеттелетінін айтты. Қызметкерлер Атамекен сайтындағы талаптарға сай келген жағдайда ғана жұмысын қайта қалпына келтірілетін болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды