Сарыағаш жұмыссыздықты жою жолында

Елімізде халықты нәтижелі жұмыспен қамту тетіктері жетілдірілді ...

Халықты жұмыспен қамту мәселесі қашан да актуалды тақырыптардың бірі. Мемлекеттік саясат – халықты лайықты жұмыспен қамтуға бағытталады. Бүгінде еңбек нарығында халықты жұмыспен қамту мақсатында бірқатар бағдарламалар жүргізіліп, олардың біршамасы жемісін беруде.

Сарыағаш ауданында жұмыспен қамту шараларына 107 отбасыны қамту жоспарланған. Жоспарда тұрақты жұмысқа-11, әлеуметтік жұмыс орындарына-3, қоғамдық ақылы жұмысқа-68, мемлекеттік грантқа-4, қысқа мерзімді кәсіби оқуға 21 азаматты жолдау бар. 

Үстіміздегі жылдың 5-айында 35 азамат жұмыспен қамту шараларына қатысып, оның ішінде: 30 азамат қоғамдық ақылы жұмысқа, 2 азамат әлеуметтік жұмыс орнына және 3 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ ауданда кәсіпкерліктің көзін тауып, табысқа кенелемін деушілерге мемлекет тарапынан гранттар қарастырылған. Мәселен осы жылдың ішінде 150 азаматқа жаңа бизнес идеяларға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 60, мүмкіндігі шектеулі азаматтар 30, көп балалы аналар 60 болмақ. Онымен қоса тағы қысқа мерзімді оқуды аяқтаған 98 азаматқа, "Бастау бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқу курсын аяқтаған 52 азаматтарға мемлекеттік грант беру жоспарлануда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды