Сарыағаш: «Қамқорлық» бағдарламасының шапағын көргендер артты

image.png

Бүгінде Қазақстанда шама­мен 86 мың мүмкіндігі шектеулі бала және ерекше қажеттіліктері бар 156 мың бала бар. Жүргізілген талдаулар бойынша, балалардың көбі оңалтуды үнемі қажет етеді.
«Қамқорлық» бастамасы осындай әлеуметтік көмекке зәру отбасыларға қолдау көрсету үшін қолға алынған жоба. Сарыағаш ауданында аталған жобаның шапағын көріп жүрген отбасылар аз емес.

Ауданда 44 отбасы 245 жанұя мүшелерімен дағдарыстағы отбасылары болып танылса, 90 отбасы 475 жанұя мүшелерімен дағдарыс алдында отбасылар болып анықталып отыр. Өмірлік қиын жағдайда жүрген жалпы 134 отбасыға аудан бойынша 101 куратор бекітілген.

Аудан әкімдігінің ресми сайтынан ашылған Қамқорлық блогына дағдарыс жағдайындағы 44 отбасы жөніндегі мәліметтер жария етілді. (Анықтама: 134  отбасының ішінде  59 отбасы 2020 жылдың жаңа форматтағы АӘК алушылары)

«Қамқорлық» бастамасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 134 отбасын көмекпен қамту жоспары әзірленді. (киім-кешекке 35 отбасы, тұрғын үйді жөндеу 37 отбасы, медициналық қызметтерге 11 отбасы, несие өтеуге-8 отбасы, коммуналдық қызметтерді өтеуге-3 отбасы, 40 отбасы азық-түлікке мұқтаж).

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды