Түлкібас: Орталық кәріз жүйесі жаңарды

image.png

Түлкібасқа қарасты Жабағылы ауылының тұрғындары көтерген мәселелерінің бірі орталық кәріз жүйесін жаңарту болатын. Биыл жергілікті билік наразылыққа жауап ретінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жүйені жаңғыртуға қаржы бөлді. Нәтижесінде ауылда 4,3 км құбыр ауыстырылып, құдықтар жөнделді. Қазіргі уақытта құрылыстың 40 пайызы аяқталды.

Жабағылы ауылындағы кәріз жүйесі 1980 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеуц көрмеген. Тіпті соңғы 20 жылда құбырлары төзып мүлдем жұмыс істеуден қалыпты. Жұрт қайта-қайта айтып жүріп ақыры биыл құрылысқа қаржы бөлінген. Мамырда жұсмыс бастаған мердіген қарашада құрылысты бітірем деп отыр.

"29 млн тенге бөлініп, конкурс өткізіліп, «Тұран кент» мердігер кәсіп орын жеңімпаз атанып, кәзір жұмыстар атқаруда. Жұмысының көйлемі 3,5 шақырымды құрайды. Көптің шешілмей жұрген мәселесі бтыл шешімін тауып жатыр", - Жаннұр Шыныбаев, Түлкібас ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі.

Құрылысқа  Республикалық қордан 29 миллион теңге бөлініпті.  «Жұмыспен қамту жол картасы»  бағдараламасы шеңберінде Түлкібас ауданында жалпы  6 жоба жүзеге асуда.  Олар ауданның инфрақұрылым жүйесін жақсартып,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытын дамытуға  негізделген.

"Түлкібас құс фабрикасы 1980 жылы ашылды, сол кездерде осында поселкилер салынды. Сол кездерде қалалық типтегі орталық канализациялар салынды. Насостардың барлығы жақсы істеп тұрған болатын сол кезде. 2000 жылы құс фабрикасы тоқтаған кезде бәрі жұмысын тоқтатты. Содан бері енді жұмыстар жасалынып жатыр. Ауылдың быраз жұмысшылары осында жұмыспен қамтылған", - деді Әуелбек Наурызбаев, Түлкібас ауданы Жабағылы ауылының тұрғыны.

 Бағдарламаның ерекшелігі жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 азамат жұмылдырылса соңын, 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр. Бұл елімізде орын алған карантин режимі кезінде жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша жұмыс көзінің пайда болуы. Осылайша аудан тұрғындары қиын кезеңде мемлекет тарапынан тағыда бір қолдау түріне ие болып отыр.

"Ауылға кәріз жұйксінің кіргеніне қуаныштымын. Аудан басшысына рахмет. Жұмыс жасалынып жатыр. Мамырдан бері жұмыспен қамтудан келіп, жұмыс жасап жатырмыз. Жалақылырысызда жетерлік", - Талғат Аймаханов, Түлкібас ауданы Жабағылы ауылының тұрғаны.

Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында    жергілкті билікке азаматтардың өтініштерін жедел қарап, тиімді шешім қабылдауды тапсырған болатын. Осы бағытта Түлкібас аудандық әкімдігінің халықпен кері байланысын ерекше атап өтуге болады. Соның арқасында көптеген түйткілдердің түйіні тарқатылып жатыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды