Бәйдібек: Індет таралуының алдын алу мақсатында шаралар жасалынды

Бақылау сапаны бекемдейді » Ақмешіт апталығы

Бүгінде Бәйдібек ауданында коронавирусқа қарсы шаралар өткізіліп, аудандағы жағдай толықтай жергілікті әкімшіліктің назарында тұр. Індеттің өршуін болдырмау, дәріханаларда, көпшілік орындарда карантин талаптарының сақталуына, сондай-ақ қоғамдық орындар гигиеналық талаптарға сай келуін қадағалау мақсатында ауданда бірнеше мониторингтік топтар құрылып, олар жүйелі түрпде барлау жұмыстарын жүргізеді.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, сақтану шаралары туралы жергілікті газет беттерінде 46 мақала, әлеуметтік желілерде фейсбук парақшасы арқылы 242 жадынама, 94 видеоматериал жарияланды.

Мобильді топпен аудан аумағындағы 298 нысан араланып, 104 нысанда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеулерге қарамастан бетперде кимеу, бетперде кимеген тұтынушыларды қабылдау, бетпердесіз, қолғапсыз қызмет көрсету сынды ережелерді бұзу жағдайлары анықталып, кемшіліктер бойынша мобильдік топтар тарапынан 62 ескерту актісі толтырылды. 

42 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, сақтану шаралары туралы жергілікті газет беттерінде 46 мақала, әлеуметтік желілерде фейсбук парақшасы арқылы 242 жадынама, 94 видеоматериал жарияланды.

Арнайы дыбыстық жазба әзірленіп, ауыл округтеріне таратылды.
"Мемлекет басшысының «Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз», - деген сөздері бізді бірлікке шақыратыны анық", -  деді аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков «Пандемияға қарсы күрес бойынша» фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды