Ордабасы: Дәрі тапшылығы болмауы тиіс...

107738957_1351690708374295_8075896067907199011_n.jpg

Ордабасы ауданында 23 дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетуде. Аудандық штаб жанынан құрылған 3 мобильді топ дәріхана жұмыстарына мониторинг жасап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда, Түркістан облысы аумағында тұтынушылар тарапынан ең көп сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің атауы мен шектік бағасы көрсетілген тізілім жасалған.

Тұрғындарға тізмде көрсетілген дәрі дәрмектердің бағасы шектік бағадан асқан жағдайда 109 ,102 және WhatsApp желісі арқылы +7 776 837 09 00 +7 702 000 24 94 нөмірлеріне хабарлау қажеттігі ескертілуде.

Сонымен қатар, аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы жұмысшы топтар құрылып, тапшылығы ықтимал дәрілердің тізімі жасалатынын, сұраныс көлемін зерттеу арқылы дәрі тапшылығын болдырмау шаралары атқарылатынын атап өтті. Бағаны негізсіз көтерудің жауапкершілігі жөнінде де айтылды

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды