Ордабасы: Бірқатар шектеулер енгізілді

110201641_1357197614490271_6538920476403646015_n.jpg

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитартиялық дәрігерінің №28 қаулысына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілеріне 30 орынға дейін (ұжымдық іс-шараларсыз), сонымен қатар ашық жазғы алаңдарына, көрші столдың шеткі орындарынан кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, дүйсенбі - жұма күндері аралығында сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмыс істеуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың, букмекер кеңселерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін белгіленіп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмыс жасауға тыйым салынды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды