Шардара ауданында коронавирус індетіне қарсы шаралар тыңғылықты атқарылып жүр. Атап айтқанда аудандық әкiмшiлiк тарапынан анализдердi тасымалдауға бiр автокөлiк бөлiндi. Наурыз айынан осы күнге дейiн барлық күдiктi науқастардан ПЦР-зерттеуге 3180 адам тексерiлiп, оның iшiнде 6 оң нәтижелi, 3044 терiс көрсеткiш көрсетiлiп отыр, 127 анализ тексерiлу үстiнде. Провизор бөлiмшесiнде 40 төсек орын ашылған, онда осы кезге дейiн өкпе қабынумен 214 науқас жатқызылды. Қазiргi таңда 20 науқас ем қабылдап жатыр.
Медицина қызметкерлерi 3 ауысыммен жұмыс атқарады. 1 ауысымда 8 сағат жұмыс iстейдi.
Инфекциялық госпитальда 20 төсек орын ашылған, онда зерттеулердiң оң нәтижесi шыққандар ауыстырылады. Олар тәулiк бойы дәрiгердiң бақылауымен емiн жалғастырады. Жағдайы жақсарғаннан кейiн үйге қайтарылады. Бүгiнгi таңда 40 адам емделiп шықты.
Шардара ауданы бойынша коронавирус пандемиясынан оң нәтиже көрсеткен 23 адам анықталды. Оның 19-ы басқа облыс, қалаларда ем алған. Ал қалғанының жағдайы қанағаттанарлық жағдайда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 шiлдесiнен бастап жұқпалы аурулар ғимаратынан инфекциялық госпитальда, провизор бөлiмшесiнде, терапия бөлiмiнде өкпе қабынуымен түскен науқастарға ем көрсетуге арналған қосымша 20 төсек орын қосылып, барлығы 110 төсек орын дайындалған. Мұнан бөлек терапия бөлiмiнiң 30 төсек орыны қайта бейiмделiп және жаңадан 20 төсек орын қосылды. Бүгiнгi таңда аудан көлемiнде 212 науқас тiркелiп, 184 науқас емделiп шыққан. Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханада компьютерлiк томографияға 368 науқас түсiрiлiп, оның iшiнде 60 науқастан пневмония анықталған. Бұл көрсеткiш азайып, аурудан айыққандардың саны күн санап артуда.
Сонымен қатар, ауданда ақпараттық тұрғыдан бiршама шаруалардың атқарылып жатқанын да айта кетуiмiз керек. Атап айтқанда, аудандық ауруханаға қарасты барлық медициналық мекемелерде коронавирусқа қарсы 42 семинар, 8 тәжiрибелiк оқу-жаттығу жүргiзiлiп, халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша 14000 кiтапша таратылған. Оған қоса, әлеуметтiк желiлерде коронавирус профилактикасы бойынша мақалалар қарқынды түрде жарияланып келедi.
Барлық дәрiханаларда халыққа көрiнетiн жерге дәрiхана тарапынан қандай да бiр құқықбұзушылық фактiлерi анықталған жағдайда хабарласу үшiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттiктiң watsapp (тел: 87020002494) желiсi туралы ақпараттар орналастырылған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң бұйрығына сәйкес, негiзгi дәрi-дәрмек бағаларының шектiк мәнiнен асырмай сатылуын бақылау бойынша ерiктiлер тобы құрылып, күнделiктi бақылау жүргiзу қолға алынған. Мониторингтiк топ дәрiханаларды күнделiктi аралап, талдау жасап отыр.
Шардара: Жағдай тұрақты
Жарнама орны (6) |