Шардара: Жоспарлар жүзеге асырылуда

image.png

Шардара ауданында елдегі карантиндік жағдайға қарамастан өткен жылдан өтпелі 3 нысанның және биылғы жылы басталған 2 нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Солардың ішінде облыстық қазынадан қаралған қаржы есебінен Шардара қаласындағы “А.Иманов” атындағы 300 орындық орта мектептің құрылыс жұмыстары. Құны 866,3 млн теңгені құрайтын мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер “БЕК” ЖШС бөлінген қаржы бекітілген кестеге сәйкес толық игеріліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан биылғы оқу жылында толық тапсырылады деп жоспарлануда.

Ал, тұрғын үй құрылысы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 377,6 млн теңге қаражатқа бой көтерген Шардара қаласы, Әл-Фараби көшесінде орналасқан 4 қабатты 40 пәтердің бүгінде техникалық төлқұжаттарын алу жұмыстары жүргізіліп жатса, Шардара қаласы, Астана көшесіндегі 4 қабатты 40 пәтерлі екінші тұрғын үйде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құны 377,1 млн теңгені құрайтын нысанды тамызда тапсыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қаладағы “Әсем” және “NurOtan” мөлтек аудандарында республикалық қазынадан қаралған 180 млн 105 мың теңгеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізіліп, су құбырлары мен электр желілері тартылуда. Толықтай отандық өнімді пайдаланып, тиісті жұмыстарды жүргізіп отырған мердігер “Корпорация СИЛУР” ЖШС құрылыс жұмыстарының сапасына кепілдік берілетінін айтады.
“Мемлекеттік қазынадан қаралған қаржының әрбір тиыны есептеліп, сапасы қатаң бақылауға алынған. Құрылыс жұмыстарына да өзіміздің отандық сапалы құрылыс материалдарын пайдаланып жатырмыз. Өйткені, бізге уақытша абырой, көзбояушылық емес елдің ықыласы, алғысы керек. Мемлекет басшысы мен облыс әкімі артып отырған сенімнің үдесінен шығуға міндеттіміз” дейді Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы.

Айта кетейік, аудандағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың бәрінде де карантиндік режим толық сақталып, күнделікті жұмысшылардың денсаулықтарын тексеруден өткізу, антисептик құрылғылары мен маскалық тәртіп қатаң бақылауға алынған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды