Қазығұрт: Шаруалар заманауи агротехникалық тәсілдерді игерген

Шығыс Қазақстан облысында егін егу жұмыстары басталды

Қазығұрт климаты да жер бедері де шаруашылыққа аса қолайды елдімекендердің бірі болып саналады. Сондықтан да болар бүгінгі күні мұнда егін, мал, ауыл шаруашылығының басқа да түрлерін шаруалар дөңгелетіп отыр. Мәселен, ауданда биылғы жарты жылдықтың өзінде ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 15 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102 пайызды құраған. Аудан шаруаларының мұндай үздік көрсеткіштерге жетуіне бірден бір себеп, заманауи агротехникалық тәсілдерді қолдана білулерінде болса керек.

Ия, Қазығұрт ауданы  ауыл шаруашылығы саласында жыл сайын үздік нәтижелерге жетіп келеді.  Мұның бәрі атқарушы  биліктің қолдауымен  және шаруалардың заманауи агротехникалық  құралдарды пайдаланып, тың тәсілдеріді игерулерінің арқасында  болып жатқан  жетістіктер. Мәселен, аудандағы «Қараша агро» шаруашылығы 24 миллион теңгеге 3 бірлік италиялық жаңбырлатып суғару техникасын алып, пайдалануда. Соның арқасында шаруалар бір алқаптан  4 өнімге дейін мал азығын жинауды жоспарлап отыр.

Ал «Сапа- 2002» ЖШС инновациялық жаңа технологияларға бетбұрыс жасап, 4 жылдан бері нольдік техниканы қолданып астық егуде. Түсінікті тілмен айтқанда бұл – егістік алқапты жыртпай,  дәнді тікелей егу деген сөз.   Шаруалар осы мақсатта  бразилиялық тікелей дән сепкіш құралын сатып алған.  

Астық егудегі бұл тәжірибе ауданда кеңінен қолау тауып, бүгінде көптеген шаруа қожалықтары осы тәсілге көшуде. Өйткені,  оның жан – жақты тиімділігі шаруаларды қатты қызықтыруда.  Жалпы,  Қазығұт ауданында жаңашылдыққа ұмтылғандар қатары бүгінде күрт артуда.

Тағы бір айта кетерлігі – аудандағы шаруалардан  қарапайым тұрғындар да қалыспай, үйіргелік жерлеріне   тамшылатып суғарудың заманауи құрылғыларын орнатуда.  Өз кезегінде бұл әдістер де мол өнім алуға үлкен мүмкіндіктер туғызуда. 

Ауданды дамыту тұрғындар үшін де, жергілікті әкімшілік үшін де басты мақсаттардың бірі. Болашақта аудан еліміздің ғана емес, әлем елдеріне өнімдерін экспорттайды деген сенімдеміз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды