Түлкібас: Игі іске атсалушылар қатары көбейді

image.png

Елімізде қазіргі таңда қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанымыз белгілі. Мұндайда тек бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қана бірлесе жеңіп шыға алатынымыз анық. Осында кезеңде халықтың жанынан табылған ірі компаниялардың бірі «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы болды.

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы ауруханасы тағы да жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторымен толықтырылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабардар етті.

Айта кетерлігі, бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен түлкібастық еріктілер тарапынан орталық ауруханаға 360 дана арнайы медициналық киімдер, 210 оттегі балоны, 2 дана оттегі концентраторы табысталған болатын. Сондай-ақ, аудан еріктілері тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне түскі астар ұйымдастырылып келеді.
Қазіргі таңда аудандық ауруханада жалпы 13 оттегі концентраторы бар. Бұдан бөлек, бір мезетте 55 науқас оттегімен дем ала алатын нүктелер орнатылған.
Түлкібас ауданында пандемия басталғалы қауіпті дертті жұқтырғын 72 адам тіркелсе, бүгінде соның 57-і айығып шыққан. Бүгінде 12 науқас ем қабылдауда.

Бүгінгі таңда жалпы ауданда науқастардың саны азайып, эпидемиологиялық ахуал ретке келтірілген. Сондай-ақ аудан бойынша карантин шаралары мен баға тұрақтылығы басты назарда болып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды