Авторлық жобасы арқылы бүлдіршіндерді кітапқа баулыған

Шымкент қаласында бастауыш сыныбында бүлдіршіндерді кітап оқуға баулып, сана көкжиегін кеңейту жолында Гүлнұр Оразбекова түрлі жобаларды жүзеге асырып отыр. 

image.png

Қаладағы №23 мектеп-лицейінде 25 жылдан бері тапжылмай бастауыш сыныбында қызмет атқаратын Гүлнұр Рысбекқызы біліктігі және ізденімпаздығымен әріптестері арасында үлкен абыройға ие. 

Ол ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында ашылған «Ұлттық дүниетаным» экспериментіне қатысқан. Бастауыш сыныптарында осы сабақты жүргізіп,  ҚР білім беру ісінің үздігі, доцент Аюбай Құралұлымен бірге «Ұлттық дүниетанымды оқыту әдістемесі» әдістемелік құралына авторлық етті.  

Ал 2003-2007 жылдары «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі экспериментте болды. Әріптестерінің пікірінше, Өзін-өзі танудың бастауында болуы пәннің оқушыларға ашқысы келетін рухани-адамгершілік білім мен қасиеттердің Г.Оразбекова өз бойында педагогикалық әдеппен үйлесім табуында болса керек. Пән эксперименті аясында, өңірлік, республикалық семинарларда сабақ беріп, тәжірибе алмасты. Курсты енгізудегі шеберлігі үшін 2004 жылы  «Бөбек» қорының алғыс хатымен марапатталды. 

Гүлнұр Рысбекқызы бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулу, оқушының оқуындағы кедергіні жою арқылы оқуға ынтасын сақтап қалуы үшін мектепте «100 автор, 100 әңгіме» жобасын іске асырды. 

–Балаларға арналған кітап жарық көрсе оның көбі өз оқырманына жетпейді.  Сондықтан оқу бағдарламасында қарастырылмаған 100 автордың  100 әңгімесін жинақтап, оқушының көзқарас көкжиегін кеңейтуге тырыстым. Жобаға оқушыны ата-анасымен қатыстыра отырып, отбасымен кітап оқуға тәрбиелеуді көздедім. Аталған жоба қалалық семинарда тәжірибе ретінде таратылып, өзге әріптестерім ыстық ықыласпен қабылдады, -дейді ұстаз. 

 Қазіргі таңда ұстаз «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында жұмысты белсенді атқаруда. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында оқушыларға заманауи жарнама түрін қолдану мақсатында буктрейлер байқауын ұйымдастырды. Үздік буктрейлерлер республикалық  «25 кітап,  25 ән» байқауында жүлделі орыннан көрінді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке