Азық-түлік бағасы назарда

Screenshot_32.png

Ауыл шаруашылығы саласы – елдің экономикасын өрге сүйрейтін басты күш. Сондықтан Қазақстанда соңғы жылдары агросаланы дамытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев биылғы кезекті Жолдауында саланы дамытуда жауаптыларға біраз тапсырмалар жүктеді. 

Мәселен Президент агроөнеркәсіп кешеніндегі қордаланған проблеманың бірі азық-түлік бағасы мен оны бөліп-таратудың тиімсіздігі деп атап өтті. Сонымен бірге көтерме тарату орталықтарын құру бойынша берілген тапсырманың орындалу жайын тілге тиек етті.

  Үшінші мегаполисте Президенттің берген тапсырмалар ойдағыдай  орындалуда. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтың айтуынша қала аумағында жалпы сыйымдылығы 108 мың шаршы метр болатын 14 сақтау қоймасы орналасқан. Оның ішінде 6 климаттық және 8 құрғақ сақтау қоймасы бар.

— Қаламызда көтерме тарату орталықтарын құру бойынша нақты жұмыстар қолға алынған. Соның бірі Шымкент қаласын Орталық Азия аумағында ірі көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыру мақсатында 2015 жылы 92 гектар жерге көлік-логистикалық аймағы құрылған болатын. Аталған аймақта қазіргі күні үлкен жобалар іске асырылуда, атап айтқанда, олар – «Kazakhstan Logistic group» ЖШС, «Зерде» ҒӨБ» және «Continental Logistics Shymkent». Аймақта құрғақ және климаттық қоймалар, контейнерлік алаң, темір жол тұйығы, әкімшілік тұрмыстық кешен, сондай-ақ кедендік рәсімдеу орталығы жұмыс істейді. Келешекте осындай тағы бір көтерме-тарату орталығын салу жоспарлануда",- дейді басқарма басшысы. 

Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін әр түрлі тауарларды қолайлы бағада сатып алу үшін 11 мың шаршы метрді құрайтын «GraMaD» сауда орталығында көтерме-тарату орталығы ашылған. Ол қаладағы 1700-ден астам сауда орындарын азық-түлік, жеміс-көкөністермен қамтамасыз етіп келеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды