Телефон ұрлаған қыз жауапқа тартылды

взялсотку.jpg

Ордабасы ауданының полицейлері нағашысының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аудагдық полиция бөліміне халықтық-кеңсе арқылы жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша үйінде кішігірім жиын өткізген күні жатын бөлмесінде тұрған «HUAWEI» маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 50 мыңға жуық теңгені құрайды. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. 

Оқиға орнына келген аудандық полицейлер күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараларды жасады. Көрген-білгендерден сұрастырды. Ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің жиен сіңлісі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жас қыз өзгенің мүлкіне көзі түсіп, осы әрекетті жасағанын мойындады. Ұрланған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады