Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады

003.jpg

Мемлекет басшысының пәрменімен мас күйде көлік жүргізгендерге жазаны қатаңдатылғалы бері облыс әкімінің тапсырмасымен жол қозғалысын қадағалау күшейтілді. Созақ ауданында полицейлер жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқару кезінде "Ауди-100" автокөлігін жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады.
Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен "жүргізушінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру" әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұрағына қойылды. Жиналған материалдарды тәртіп сақшылары заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жіберді.
Енді, осы баптың санкциясына сәйкес, немқұрайды жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін. 
Созақ АПБ ЖПҚ қызметкерлері ЖҚЕ бұзушыларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша тұрақты негізде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізіп отырғанын атап өтсек болады. Мысалы, соңғы жүргізілген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ ауданының полицейлері 280 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. 
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге автокөлікті мас күйінде басқару сіздің өміріңізге ғана емес, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің өміріне де қауіп төндіретінін еске салады. Жүргізушілер есіңізде болсын, жол ережелерін сақтай отырып, сіз біреудің өмірін сақтап қалуыңыз мүмкін!

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады