Тәртіп бұзғандар қамауға алынып, айыппұл төлеп жатыр

сот.jpg

Жетісай ауданында төтенше жағдай тәртібін бұзғандар әлі де кездесуде. Түркістан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан дерекке сүйенсек, тағы бір азамат жасырын қызмет көрсеткені үшін сот қаулысымен бес тәулікке қамалды, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Президентінің төтенше жағдай енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес қызмет атқаруда. Учаскелік полиция инспекторлары адамдардың топтасуына, кафе-бар, ойын-сауық орындарының сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салып, күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Соның нәтижесінде, бірнеше құқықбұзушылықтар анықталды. 

Атап айтқанда, азық-түлік дүкенінің екінші қабатында орналасқан компьютерлік ойынханада тұрғындарға қызмет көрсетіп, ойнатып жатқан кәсіпкер анықталды. Бұл азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-құжаттар аудандық сотқа жолданып, сот қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Одан бөлек, елімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан той тойлап жүрген тұрғындар да баршылық. Кезекті рейд барысында полицейлер «Тұсаукесер» тойын өткізген тұрғын мен тойхана иесі анықталды. Аталған жайт «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша тіркеліп, кәсіпкерге де, тұрғынға да хаттама толтырылды. 

Түркістан облысы тәртіп сақшылары азаматтарға сақтық шараларын жасауды ескертеді. Адамдар көп шоғырланатын аймақтарға барудан бас тартыңыздар.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады