Түркістан облысының полицейлері 17 мың көлік пен 44 мың жолаушыны тексерді

пол.jpg

Әлемді дүр сілкіндірткен коронавирустың алдын алу мақсатында Түркістан облысында кешенді қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Солардың негізгісі ретінде 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарындағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-бекеттер қойылғанын атап өтуге болады. Жалпы, Түркістан облысы бойынша 30 блок-бекеттер іске қосылған. Бұл бекеттерде полицейлер және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде.Одан бөлек әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен адам көп жиылатын қоғамдық орындардың жұмыс жасау режимі өзгертіліп, шектеулер қойылды. Алдын алу шараларының барлығында Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері қарқынды жұмыс жасап, күшейтілген қызметке кіріскен.

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі ППБ-ны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етуде. Республикалық маңызы бар жолдарда орналасқан «Сауран», «Шақпақ» блок-бекеттерінде 26 наурыз күнгі мәлімет бойынша 17 мыңнан астам көлік пен 44 мыңға жуық жолаушы тексерілген. Аталған аймақтарда полицейлер сағат сайын бақылау жасап, кезекшілікпен қызмет атқаруда.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады