Полиция арызданған әйелдің ұрланған «соткасын» тауып берді

соткаурлау.jpg

Түркістан облысының полицейлері сөмкеден ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Елімізде ұрлық қылмысының ішінде ең көп таралған түрінің бірі – ұялы телефон ұрлығы екені жасырын емес. Өзгенің мүлкіне көзі түскен ұрылар, ұрлауға да, сатуға да оңай ұялы телефондарды жымқыруды әдетке айналдырған. Осындай ұялы телефон ұрлығының тағы бір жайты Ордабасы АПБ-не тіркелді. Бұл жолы кезекші бөлімге арызданған әйелдің айтуынша, Темірлан ауылынан Шымкент қаласына шыққан уақытта, қай жерде екені белгісіз сөмкесіндегі «OPPO» маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға жасырын ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен енгізілді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрады.

Полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын, жеңіл жолмен пайда табу мақсатымен ұрлық жасаған әйел екені белгілі болды. Ұялы телефонды өзінің қажеттілігіне пайдаланып жүрген. Тәртіп сақшылары телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарылды. Бас шарасы «қолхатта». 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады