Жетісайда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

жетсайпол.jpg

Жетісай ауданында полицейлер 20-дан астам блок-бекеттерде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүгінге дейін Түркістан облысында коронавирус індеті 16 адамнан табылды, оның ішінде Жетісай ауданында «тәжтажал» аталып кеткен вирусты жұқтырған тұрғындар қатары көп. Аталған вирустың, облыстың басқа да аумағына таралмауы үшін қажетті шаралардың барлығы жасалуда. 

Жетісай ауданы аумағының өзінде 14 блок-бекет қойылса, қала ішіндегі мөлтекаудандарға 9-ы орнатылды. Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері, мектептің әскери мұғалімдері, ТЖ қызметкерлері, құзырлы мекемелердің өкілдерінен құрылған 5 мобильдік топтар бір көшені қалдырмастан аралап шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ал, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Президентінің төтенше жағдай енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес қызмет атқаруда. Учаскелік полиция инспекторлары адамдардың топтасуына, кафе-бар, ойын-сауық орындарының сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салып, күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

Түркістан облысы тәртіп сақшылары азаматтарға сақтық шараларын жасауды ескертеді. Адамдар көп шоғырланатын аймақтарға барудан бас тартыңыздар.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады