Шымкент қаласында өткен отандық тауар өндірушілер көрсемі өз мәресіне жетті. "ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ" көрмесіне 90-нан аса кәсіпорындар қатысып, келушілерге өз өнімдерін кеңінен таныстырды. Бұл шара қаламыздың өнеркәсіп саласының даму потенциалына өз үлесін қосатын болады.
Көрме қорытындысымен кәсіпорындар арасынан ең көп дауыс жинаған алғашқы 10 кәсіпорын «Халық таңдауы» дауыс беру нәтижесі бойынша таңдалса, 9 кәсіпорын «Саладағы үздік өнім» шығаратын кәсіпорын ретінде анықталды. Жеңімпаздарға ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
«Халық таңдауы» арқылы дауыс беру қорытындысымен ТОП-10 кәсіпорындар арасында жеңімпаз болып танылғандар: «Барыс 2007», «КазИталКожа», «Nefis Group», «Phyto-Apipharm», «Ак-Су Корпорация», «Ладушки» ЖШС және де ЖК «Кофейные напитки», ЖК «Петухова» мен «Natural Market», «Назар Текстиль» ЖШС бар.
Сонымен қатар қаладағы бірқатар кәсіпорындар «Халық таңдауы» арқылы дауыс беру қорытындысымен өнеркәсіп салаларының жеңімпаздары деп танылды. Олар:
«Химия өнеркәсібі» саласында- «Best Home Kz» ЖШС;
«Тамақ өнеркәсібі» саласында - «Рахат-Шымкент» ЖШС;
«Резеңке-пластмасса бұйымдарын өндіру» саласында - «ВокХаус» ЖШС;
«Фармацевтика өнеркәсібі» саласында - «КазМедПром» ЖШС;
«Машина жасау» саласында - «Medcomfort» ЖШС;
«Құрылыс материалдарын өндіру» саласында - «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС;
«Тігін бұйымдарын өндіру» саласында - ЖК «Жунисалиева»;
«Жиһаз өнеркәсібі» саласында - «Kaz Mebel Trade» ЖШС;
«Тоқыма өнеркәсібі» саласында - «Azala Textile» ЖШС.