Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Мəдениет елді мекеніндегі №49 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жастар арасында волейболдан жарыс өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы жастар ресурстық орталығы хабарлады.
Жарысқа мектеп оқушыларынан құралған 6 команда қатысып, өзара сынға түсті.
Жарыс қортындысы бойынша: І-орынды №34 Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің оқушыларынан құрылған командасы алса, ІІ-орынды №49 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің құрылған командасы, III- орынды №30 С.Торайғыров астындағы жалпы орта мектебінен құрылған командасы алды.
Үздік ойыншы номинацияларын Н.Тасмаханбет, Е.Тұрлыбай, Б.Арапбай иеленді. Жеңімпаз командалар, үздік ойыншылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Айта кетері, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілген болатын. Жоспарда мектеп спортын дамыту, оның ішінде баскетбол, волейбол, футбол және спорттың басқа да бұқаралық түрлері бойынша мектеп лигаларын тұрақты түрде ұйымдастырып отыру көзделуде.