Құқықтық тәрбие мектептен басталады

12.jpg

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Құқықтық тәрбие алдымен отбасы мен оқу орындарында басталады.

 Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде бітіруші сынып оқушыларымен кездесу болып өтті.

Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың орын алуына жол бермеу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткен кездесу оқушыларға құқықтық тәрбие беру арқылы өз құқықтарын пайдаланып, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретті. Кездесу барысында оқушылар сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.

 Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды