Қоғамдық көлік жүргізушілері оқу курсынан өтті

Қаланың инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру – өзекті саланың бірі екені даусыз. Бұл бағытта көлік құрылымын, оның ішінде қоғамдық көлік қызметін заманауи үлгіде қалыптастыру – жауапты сала мамандарының ұдайы назарында. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму көрсеткіштерінің жоғарылауы – аталмыш саланың қызметін жетілдіруге, тұрғындардың сұранысына сай оңтайландыруға оңды ықпалын тигізуде. Үшінші мегаполисет қоғамдықкөліктер ғана емес, сонымен қатар жүргізушілердің де біліктілігі, мәдениеттілігі артып келеді. 

Шымкент қаласында биыл қоғамдық көлік жүргізушілерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу курсы басталған болатын.  Жыл басынан бері  «Жолаушы тасымалының ережелері және қауіпсіздігі», «Медициналық көмек келгенге дейінгі алғашқы көмек», «Психология және конфликтология негіздері», «Кәсіби этика және қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында дәрістер жүргізілуде. Тасымалдаушы компаниялардың 1100 жүргізушісі оқу курсынан өтуге келісімшарт жасасқан. Бүгінде 80 жүргізуші дәрісті аяқтап, сертификатқа ие болды.

Бағдарламаға сәйкес, дәріс 3 күн жүргізіледі. Соңында қатысушылар тест тапсырып, 1 жылға жарамды сертификатқа ие болады. Сонымен қоса, Шымкент қаласының қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірінғай «avtopark-shymkent.kz» базасына енеді.

Айта кетейік, сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші тарапынан еңбек тәртібін бұзу жағдайы орын алса, қайта аттестациалаудан өту міндеттеледі. Ал, этикалық нормалар мен еңбек тәртібін бірнеше рет бұзғандар қызметтен босатылып, алдағы уақытта қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналасу қиындатылады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды