215 шақырым жол таңбалары сызылды

Screenshot_7.png

Шымкент қаласында асфальт жолдың жалпы ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері шаһарда көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды.  Нақтырақ айтқанда, 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды  акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, қыркүйек, қазан айларында жөндеу жұмыстары аяқталған Б.Момышұлы көшесі, Республика, Қонаев даңғылы, жаңа әуежай терминалына кіре беріс жолдардың және «Ордабасы» алаңы маңындағы жол таңбалары жасалынды. 

Айта кетсек, алдағы уақытта Ж.Тәшенов, Ж.Шаяхметов көшелерінің жол таңбаларын сызу жұмыстары атқарылады.

Сондай-ақ қаланың басты көшелерінің бірі болған Республика даңғылының кешкі шамдары жарықдиодты ЛЭД шамдарға ауыстырылды.  Бұған дейінгі жарықшамның қуаттылығы 15 люкс еді. Қазіргі орнатылған жаңа шамдардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді.  Даңғыл бойындағы бағаналарға 296 кешкі шам орнатылса, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін  жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа жарықшам қойылды. 

Қалада жыл соңына дейін 30 көшенің жарықшамы реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңасын орнату жоспарланған. Бұл жұмыстар «ABM Building 2007» мердігер мекемесі тарапынан атқарылуда. Көшелердің жарықтандыру дәрежесін 2023 жылы 70 % жеткізу көзделуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды