Инвестициялық өсім қуантып отыр

Screenshot_5.png

Шымқала инвесторлар қаласы деген сөз бекер айтылмаған. Себебі соңғы жылдары үшінші мегаполиске түрлі сала бойынша инвестиция салушылар көбейген. Өйткені шаһар инвестицияға қолайлы орта.  Мамандардың айтуынша ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. 

Қалалық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебековтың айтуынша, 2021-2025 жылдары жалпы құны 2,6 трлн теңге 282 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады.  Оның ішінде, биылғы жылы жалпы құны 152,6 млрд теңге, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 63 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 63 млрд теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды.

Жалпы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында биыл қала аумағында 40 млрд теңгеге 17 жобаны іске қосу көзделген. Оның ішінде, қазіргі таңда 15,3 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылып, онда 523 жұмыс орны ашылды.  Бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.  

Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды