Ерболат Әмірханов: Креативті бизнес ашуға кеңес береміз

Screenshot_21.png

Ерболат Әмірханов бес жылдан бері Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында бизнес-тренер болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, жыл сайын «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға өтінім беретіндер саны артып келеді. Ерболат маман ретінде қатысушыларға креатив бизнес ашуды ұсынады.

"Бизнес-тренер болып жұмыс істеп келе жатқаныма биыл 5-ші жыл. Осы күнге дейін екі мыңдай адамды оқытыппын. Оның ішінде 700-дейі өз бизнестерін ашып, әлі де жүргізіп келеді. Жұмыс барысында көптеген қызықтар кездеседі. Оқу кезінде қатысушылар өздерінің оқиғаларын, кәсіптерін айтып, әртүрлі мәселелерін талқыға саламыз. Бізге алғаш келгенде олар нақты қандай  кәсіппен айналысқылары келетінін білмей келеді. Сосын біз оларға әртүрлі бизнес идеяларын беріп, жаңа, қызықты бизнес ашуға көмектесеміз. Қазіргі таңда Шымкент қаласын алатын болсақ тігіншілік, сән, кондитер салалары көптеп ашылып жатыр. Қатысушыларымызға бұл секілді емес басқаша креативті бизнес ашыңыздар деп кеңес береміз",- дейді Ерболат Әмірханов.

 "Бастау Бизнес" жобасына қатысамын деушілер өте көп көрінеді. Жылдан жылға жобаның танымалдығы артып келеді. Мамандардың айтуынша  Шымкент қаласында осы жылы 1900 қатысушыны оқытып, сертификат беру жоспарланыпты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында ағымдағы жылы 1,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған. Осылайша, Шымкент қаласы бойынша жеңілдетілген шағын несиемен «Бастау бизнес» жобасының 150 - ден астам тыңдаушысы қамтылады дейді салаға жауаптылар. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды