Түркістан облысында ішкі туризмді дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жуырда «Эко-Ордабасы» экологиялық қозғалысының мүшелері ежелгі Қараспан қалашығына тазалық жұмыстарын жүргізді.
VII - IX ғасырларда шамамен Шыңғысхан дәуірінен кейін ҚАРАСПАН ТӨБЕ пайда болған екен.
Қараспан қалашығы қару жарақ, азық-түлік, тұрмыстық заттар жиналып тұратын және халық тығыз орналасқан үлкен шаһар атанған.
45 жыл ұстаздық еткен Қараспан ауылының тұрғыны атамыз Бәйдібек Имашұлының айтуынша: «Жаугершілікте от жағып белгі беретін төбелердің бірі болған». Ордабасы тауы- Қарауыл төбе- Қараспан төбе бір-бірімен байланысатын отты белгі төбелер болған.
Төбелердің ішіндегі ең үлкені біз айтып отырған Қараспан төбе.
Бүгінде Қараспан қалашығында көне құмыралар, кеселер, бояуы кетпеген археологиялық маңызы бар асыл қазыналар бар.
Біз білмейтін дерек тағы бір дерек: Жау қолынан қаза тапқан батырларымызды таудай-таудай төбешік етіп жерлеп отырған екен. Оған сенбейік десек, ілгеріде Құланқожа деген қария: «Қазақ жеріне қауын егетін Өзбек ағайындарымыздан алып келіп еккен қауын піскен соң пышақпен кессе ішінен қан аққан екен» Содан қариямыз осы жерді қадірлеп құран бағыштап отырған деседі.
Егер келіп көрсеңіз, төбесінде үлкен тастарды көресіз. Сол тастармен қала тұрғызып, жауынгерлерге шаһар ішінде қару- жарақ дайындаған.
Археологтар Қараспан қалашығынан құнды заттар, қыш ыдыстар, дән үккіш, қайрақ тастарды көптеп тапқан.
«Эко-Ордабасы» волонтерлары Қараспан қалашығының айналасын тазалап, талдарды ағартып, тұрмыстық қалдықтарды тазалау жұмыстарын жүргіздік. Табиғатымызды таза ұстау баршамызға ортақ міндет. Волонтерларға қолдау көрсеткен Қараспан ауыл округі әкімдігіне алғыс білдіреміз», - дейді «Эко-Ордабасы» экологиялық қозғалысының белсенділері.