Газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде

Төлеби ауданына қарасты 55 елді мекеннің 48 -не табиғи газ тартылған. Дегенмен, қала аумағындағы бірнеше тұрғын үйлерге дер кезінде картаға қосылмауына байланысты, көгілдір отынға қол жеткізе алмады.

image.png

Осы мәселені шешу мақсатында қала әкімі Нұргелді Құлышев пен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұмабаев "Кенші" көшесі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар табиғи газға қосуға көмек беруін сұрап, өз өтініштерін жеткізді. Бөлім басшысы мен қала әкімі мәселенің шешу жолдарын қарастырып отырғанын, «Кенші» көшесіне табиғи газ тартылатынын айтты. Газ құбырын тартуға арналған құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, оған қаржы қарастырылып, конкурс арқылы мердігер мекеме анықталған. Қазіргі кезде газ құбыры көшенің бойына жүргізілген, ендігі кезекте әр тұрғын үйге тартылады, кейіннен тұрғындар «ҚазТрансГаз» мекемесімен келісім-шартқа тұрып, есеп шот ашуы қажет.

Аталған жұмыстар толық аяқталған жағдайда, көше тұрғындары табиғи газбен толық қамтылады. Бұған қоса, аудандағы 7 елді мекен: Қасқасу, Кеңесарық, Керегетас, Жоғарғы Қасқасу, Диханкөл, Алшалы, Ұзынарық елді мекендеріне газ құбырлары тартылуда. 2022 жылы көгілдір отынға толық қосылып, меже 100 пайызды құрайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды