Мүмкіндігі шектеулі азаматтар түркістанды тамашалауға мүмкіндік алды

Төле би ауданындағы бір топ мүмкіндігі шектеулі жандар қасиетті Түркістанға саяхат жасап, көрікті жерлерді тамашалады.

image.png

Бірінші және екінші топтағы мүгедек жандар, олардың күтушілері мен әлеуметтік сала мамандарын қосқанда жалпы саны 20 адам еліміздің рухани астанасы, күн өткен сайын түрленіп, көркейіп келе жатқан Түркістан шаһарына сапар шегіп, қаланың көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік алды.

Саяхатшылар әуелі туристерге қызмет көрсету мақсатында ашылған «Визит орталығында» болып, этнографиялық зал мен «Қазақ хандығы» залындағы экспонаттарды тамашалады. Сондай-ақ, әуенді субұрқақ, этноауыл және «Ұлы дала елі» орталығын аралады. Қазақ елінің тарихы мен мәдениеті туралы әртүрлі тақырыпты ашатын 9 экспозициялық аймақтан тұратын орталықта құнды ақпараттар айтылды.

Түркістан шаһарына саяхат жасаушылардың бірі- білікті ұстаз, 1-топтың мүгедегі Бауыржан Абдуллаев. Бүйрегі ауырып ауыстырған, яғни трансплантация жасатқан ол аптасына үш рет гемодиализге баруға мәжбүр. «Түркістанда соңғы рет 2008 жылы болғанмын. Содан бері қала адам танымастай өзгеріпті. Алған әсерім өте үлкен. Көне шаһарда, құдды бір ертегідей жүргендеймін», дейді толқынысын жасыра алмаған Б.Абдуллаев.

Түркістанға саяхатқа барғандардың тағы бірі - екінші топ мүгедегі Ақтөре Шалдарбек. Ол да рухани астанамыздағы өзгерістерді көруді біраздан бері армандап жүрген екен. «Өзім 2012 жылы Кентауда оқу бітіргенмін. Содан кейін Түркістанға бармаппын. Алдыңғы жылдарда республикалық жарыстарға қатысып, сонау Ақтауға дейін барып қайтқанмын. Бірақ, Түркістанға сапар ерекше болды», деп ағынан жарылды Ақтөре.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды