Сатира саңлақтары кеш берді

Screenshot_6.png

Шымкентте әзіл әлемінің майталманы, сатираның cаңлағы саналатын Шаншар театрының «Мерейлі 60+60» атты концерті өтті. Айтуылы шара театр әртістері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның асқаралы 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылды. Мерейтойға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қатысып, өнер майталмандарына мегаполис басшысының құттықттауын жеткізді. 

25 жылдан астам көпшіліктің  езуіне күлкі сыйлап жүрген театр ұжымын көрермені зор қошеметпен қарсы алды. Сатира мен комедияның басын біріктірген әртістер астарлы әзілімен қоғамның өзекті мәселесін  көтеріп жүр. Шаншар театрының негізін қалаған әзіл әлемінің ақсақалдарын   қала әкімінің атынан бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы  құттықтап, иықтарына шапан жапты.

"Біз сіздермен мақтанамыз. Сіздер жалпы оңтүстік өңірінің мәдениет саласына, оның ішінде сатираның дамуына үлес қосып келесіздер",-деді құттықтау сөзінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Театр директоры Уәлибек Әбдірайымовтың айтуынша елді шарпыған індет өнер саласында жүрген азаматтарды да біраз  әбігерге салған. Себебі көрерменімен жолыға алмаған әртістер онлайн концертке көңілдері толмапты. Сонтықтан сахнаны да сағынып қалған.

Әзіл сүйер қауымның қуанышында да шек жоқ. Шаншарды сағынып келген ұстаз Раушан Пірімбетова әрбір қойылымның өзіндік ерекшелігі мен өзгелерді қайталамайтын әзілімен қызықты әрі салмақты дейді.

Санитарлық талаптарға сәйкес бүгінгі концертке де көп көрермен келе алмады. Соған қарамастан театр ұжымы барын салды. Ондағы мақсат жұртшылықты күйбең тіршіліктің қиындығын бір сәтке болса да ұмыттырып жоғары көңіл-күй сыйлау.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды