Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі М.Отаршиев, аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, аудандық «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық мәслихат депутаты М.Асилов, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ә.Тастанбеков, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздар мен ұлағатты ұстаздары қатысты. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мерекелік жиынға арнайы қатысқан аудан басшысы:
«Сіздерді, төл мерекелеріңіз ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздық – қажырлы еңбек пен нәтижелі жемісті талап ететін жауапты мамандық. Мұғалім – қасиетті ұғым. Ұстаз – киелі тұлға. Құрметті ұстаздар қауымы, ағымдағы оқу жылының табыстары мен жетістіктері мол, шығармашылыққа толы, қуаныштары көп болсын. Сіздерге дендеріңіздің саулығын, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметте шығармашылық табыстар тілеймін»,–деп ізгі ниетін білдірді.
Сондай-ақ, аудан әкімі ұстаздарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» және аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Мерекелік жиын барысында аудандық мәслихат депутаты М.Асилов, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев және ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы Д.Акатов облыстық және аудандық деңгейдегі алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Мерекелік жиын соңында өнерпаздар ұстаздарға арнайы ән шашу мен мерекелік көңіл-күй сыйлады.