Түркістан облысында Кентау-Ащысай бағытындағы жол жөнделуде

Түркістан облысындағы Кентау-Ащысай бағытындағы облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының 48,1 шақырымына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысан «Жамбыл облысы шекарасы – Құмкент – Шолаққорған – Ащысай-Р-31» елді мекендерін жалғайды. Күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «КазГерСтрой Біріккен кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. 

image.png

Биыл қолға алынып, басталған жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша келесі жылы аяқталады. Осы жылы он шақырым асфальт жабындысына, жол негізіне құмды шағал-тас қоспасы төсеуге қаржы қаралған. Жөндеу жұмыстары жұмыстары Ойық елді мекенінен бастап жүргізіліп жаатыр. Мамандар «Жамбыл облысы шекарасы – Құмкент – Шолаққорған – Ащысай-Р-31» елді мекендерін жалғайтын жолдың осы аралығында тозығы жеткен жағдайда тұрған көпірлер мен су өткізгіш құбырлар да күрделі жөндеуден өткізілетінін жеткізді. 

Одан бөлек, Ойық және Ащысай елді мекендері аралығындағы он бес шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «ПК «Шымкентдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатқан жұмыстың сапасы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Сапаинжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мекемелерінің бақылауында болады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды