Шардаралық шаруалар 33 мың тонна мақта жинады

Шардара ауданының мақташылары биылғы жылы он екі мың гектардан астам жерге мақта егіп, одан 33 мың тонна өнім жинау жолында қажырлылықпен еңбек етті. Сол қордаланған өнімді күзгі жауын-шашынға ұрындырмай жинап алу жолында бар мүмкіншіліктерін сарқа пайдалануда. Күн сайынғы өнім жинау науқанын арттыра отырып, қазірдің өзінде аудан қырманына мың тоннадан астам «ақ ұлпа» жиналды. Бұл жұмыстарда Алатау батыр ауыл округінің мақташылары 410 тоннадан астам мақта жинап өзіндік үлестерін қосты. Көксу ауылдық округі 300, Қоссейіт ауылдық округінің диқандары 150 тоннадан астам өнім жинады.

image.png

Қоссейіт ауылдық округінде жиналған мақта осындағы Таңсықбай Қожахмет басқаратын «АИИГ-Қазақстан», Асқар Құрақбаев басқаратын

«Мырзакент», Ержан Төлегенов басқаратын «Ұзын ата мақта» және Түгелқос Жанықұлов басқаратын «Ақ бура» мақта қабылдау пункттерінде тоқтаусыз қабылдануда. Терімге қажетті қаржымен қамтамасыз ете отырып, әрқайсысы 100 тоннадан асырып мақта қабылдады. Қол терімші Роза Ишниязова, Құралай Жанжігітова және Зағипа Тотжановалар күн сайын 150-170 келіден мақта теріп, ауыл қырманының берекелі болуына үлестерін қосуда.

«Ақ алтынды» жинауда техниканың да алатын өзіндік орны бар. Айталық, ауданда жиналған мың тонна «ақ ұлпаның» 600 тоннасы осы «көгілдір кемелердің» күшімен жиналған. Алатау батыр ауыл округінде бір күнде 200 тоннадан астам «ақ ұлпа» комбайн күшімен жиналған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды