Италиялық режиссерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне италиялық танымал режиссер Карло Шаккалуга және белгілі актриса, продюсер Аличе Ферранти мен қоюшы-суретші Анна Варальдо келді.

image.png

Түркістан қаласында ашылған жаңа театрдағы әртістермен тәжірибе алмасып, әріптестік байланысты арттыру мақсатында бір айлық іссапармен жүрген шетелдік қонақтар ең алғашқы жұмыс күнін қасиетті орынға бас сұғып, тарихымен танысуға арнағанын айтады.

Қорық-музейдің экскурсоводы Салтанат Ералиева қонақтарға ағылшын тілінде экскурсия жүргізіп, Түркі жұртының төл Отаны — Түркістан жеріндегі тарихи тұлғалар мен мұралар жайлы мәлімет берді.

200 мыңға жуық тұрғыны бар Түркістанның даму мүмкіндіктері бүгінде ауқымды. Қала аумағында өндірістік, коммуналдық және инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін нысандарды орналастыратын аймақтар белгіленіп, бекітілген. Бұл өз кезегінде Түркістанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттыра түседі. Туризм және өнеркәсіп – Түркістан дамуының негізгі екі бағыты. Қаланың бір жылда миллионнан астам туристті қабылдауға мүмкіндігі бар. Келешекте бұл көрсеткішті 5 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қалада 11 киелі нысан мен мұражай, 6 рухани-мәдени нысан, 4 туроператор келушілерге өз қызметін ұсынуда.

Италиялық танымал режиссер Карло Шаккалуга Түркістанның дамуын жоғары бағалады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды