Келес ауданы әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов және «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков Қошқарата ауылдық округінің Қарабура елді мекеніне барып, табиғи газбен қамту жұмыстарымен танысты.
Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, ауыл тұрғындарының мәселесін талқылады. Атап айтсақ, мердігерлер құрылыс жұмыстары барысында елді мекен ішінен өтетін облыстық маңызы бар жол бойындағы аяқжолды бұзуына өздерінің наразылығын білдірген болатын. Мәселенің мән жайын көзбен көруге келген аудан әкімінің орынбасары мен Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары мердігер мекеме тарапынан орын алып жатқан бірнеше кемшілікті анықтады.
«Жұмыс жүрген жерде кемшілік болуы ол табиғи дүние. Дегенмен елдің игілігі жолында жасалынып жатқан жобада кемшілік болмауы шарт. Анықталған кемшілікті ретке келтірумен шұғыл түрде жұмыс жасап, ауыл тұрғындарының ризашылығын алуға әрекеттеніңіздер», - деген С.Қарақұлов тиісті бөлім мамандарына атақарылып жатқан жұмыстың барысын тұрақты түрде қадағалауды тапсырды.
Айта кетейік, биыл Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіндегі 9 елді мекенде табиғи газбен қамту жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстардың басым бөлігі атқарылып, жыл соңына дейін елге табиғи газ берілмек.