Отырарда су арналары жаңартылуда

21.jpg

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде суландыру жүйесінің ескіргенін, ағын сумен қамтамасыз етуде заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізуді тапсырған болатын. Осы мақсатта Түркістан облысы Отырар ауданының Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы Р-1 каналы күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жасалып жатыр.

Аталмыш су арнасының жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайды. Жөндеу жоспарына сәйкес маңызды каналдың 11 шақырымы бетон жабындысымен қапталуы тиіс болса, қазіргі жоспарға сәйкес су өткізгіш жүйенің 7 шақырымы жөнделген. Бүгінде тиісті жұмыстар өз жалғасын табуда. Нәтижесінде, талай жылдардан бері егістікке қажетті ағын су тапшылығын сезініп, жерлері сортаң тартқан аймақ шаруаларының мәселесі шешіледі. Сонымен бірге, 3410 гектар жердің су алу мүмкіншілігі артып 170 гектар жер жаңадан айналымға қосылады.

Мұнан бөлек, «Казсушар» мекемесінің теңгеріміндегі Көларық, Маяқұм, Сумағар каналдарына механикалық тазарту, Көксарай, Есіркеп, Көларық, Маяқұм, Шеңгелді және Ақкөл каналдарының сағасын ашу, Д.Алтынбеков каналының ПК-41-дің су шайған дамбасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды