Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда ауданда 109 мың 200-ге жуық уақ мал бар. Өткен жылдың тиісті кезеңінде 105 мың 300 бас болған. Яғни, қой басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 мың басқа артқан.
Төрт түлікті көбейтіп, ата кәсібімізді жандандырып отырған шаруа қожалықтың бірі Ақбиік ауылдық округіндегі «Қуаныш» шаруа қожалығы. Бүгінгі таңда аталмыш қожалықта 730 бастан астам «гисар», «еділбай», «қазақы» қой түрлері бар. Аудандағы шаруалардың қысқа дайындығы, мал азығы мен жем шөп қорының жеткілікті екендігіне көз жеткізу мақсатында аудан әкімі Нұрлан Байғұт аталған шаруа қожалыққа арнайы табан тіреп, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Қожалық төрағасы Донбаев Балқыбектің айтуынша, бүгінгі таңда қой етіне сұраныс жоғары. Мемлекет тарапынан да қолдаулар көп. Мәселен, өткен жылдың өзінде қожалық төрағасы мемлекет тарапынан 20 млн.теңге жеңілдетілген несие рәсімдеп, ол қаржыға 350 бас қошқар және 150 бас тоқты алып, мал басын көбейткен.
Бүгінгі таңда аудандағы уақ мал өсірумен айналысытын үлкен қожалықтардың біріне айналған шаруашылық иесі аудан әкімінің қысқы сапары барысында асыл тұқымды қоймен бірге жергілікті малмен де айналысу жөніндегі ұсынысымен қосымша 500 бас жергілікті саулық қойды бағып отырғанын тілге тиек етіп, бұл бастаманың мал басының тез көбейюіне үлкін септігін тигізіп отырғаның жеткізді.
Бұдан бөлек, қожалықта 230 бас бордақы қойы да бар. Бордақыларды қараша айларына дейін семіртіп, етке өткізуді көздеп отыр. Ал, 500 бас сауынды қойдың басын жыл соңына дейін 700 басқа жеткізуді жоспарлауда. Аудан басшысы кәсіпкердің жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, жер мәселесіне қатысты айтылған өтініші бойынша тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді. Биылғы қуаншылық еліміздің шаруаларына оңай тимегенің айтып, жақын арада солтүстіктен келетін жеңілдетілген бағадағы мал азығын алуға қолдау болатындығын да ескерді. Қожалық төрағасы аудан басшылығына алғысын білдіріп, жаз айларында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қуанышылықтың алдын алу мақсатында өткізілген семинарлар мен жиындарда мал азығын дайындауға ерте бастан қамдану қажеттілігі жөнінде берілген нұсқамаларын дер кезінде қабыл алып, баға арзан кезінде қысқы жем-шөбін дайындағанын атап өтті.