Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген жоспарға сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудандағы жалпы жұмыссыз, жұмыс іздеушілер арасында арнаулы –орта және жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерге тұрақты жұмыс орындарын ұсынуға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды.
Аталған жәрмеңкеге ауданның 36 жұмыс берушілері 102 тұрақты бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Солтүстікке көшіруді ұйымдастыру бойынша ашық есік жұмыс орындары атап айтқанда, Павлодар облысы Баян ауыл және Успенко ауданынан 85-бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатысып, нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына жолданды, жолданған азаматар ішінде, аудан әкімдігінің 05.03.20210 жылғы №65 санды қаулысына сәйкес, 2 жұмыс беруішіге 2 мүмкіндігі шектеулі азамат атап айтқанда, «№13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне» -1, №56 «Т.Белгібаев» атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне» -1 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Келес ауданы Түркістан облысындағы артық жұмыс күші бар, 143 мыңға жуық халқы тығыз орналасқан аудан. Биылғы жылы ауданда жұмыссыздар ретінде 522 адам тіркелген болса, 1328 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жұмыспен қамтылғандардың ішіндегі ауданымызда өздігінше жұмыспен қамтылғандар саны жоғары. Сондықтан, бүгінгі таңда басталған жұмыс күші мол өңірлерден еңбек ресурстарын солтүстік, шығыс өңірлеріне көшіру мәселелері біздің аудан үшін де маңызды шара болып табылады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде 2021 жылғы 15-16 қыркүйек күндері Павлодар облысының Баянауыл және Успенка аудандарынан арнайы өкілдер келіп, аудан тұрғындарына ерікті түрде қоныс аудару бойынша үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізді.