Туризмді дамытатын келісім жасалды

Screenshot_8.png

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан қаласы Халықаралық туризм және меймандостық университеті арасында туристік әлеуетті жақсартып, дамыту мақсатында екіжақты келісімге қол қойылды. 

Екіжақты келісім аясында туризм саласында кәсіби мамандарды әзірлеу, басқарма мен оған қарасты "Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығында университет студенттерінің тәжірибе алмасуы, сондай-ақ екі қаланың туристерге қызмет ететін орындарының (қонақ үй, тамақтану орыны т.б) қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, ауқымды іс-шараларда төбе көрсетіп, ерікті ретінде қызмет көрсете алады. 

"Бүгінде Шымкент қаласында ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегменттің қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер бар. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті туристік нарық құрудағы ең маңызды шарттардың бірі – бұл сапалы кадр дайындау мәселесі. Туризм саласы бойынша білім алып отырған әрбір түлек – өңір туризмінің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Біз үшін болашақ туризм мамандарын қазірден бастап сала жұмысына тарту және жан-жақты тәжірибеден өткізу өте маңызды. Сол себепті, алдағы уақытта Сіздермен бірлесе сапалы жобаларды жүзеге асырып, ел туризмін көркейтуге ниеттіміз", - деген туризм басқармасының басшысы Е.Қыдыров университет ректорына келуші туристерге жайлы жағдай жасауға біріге қызмет етуді ұсынды. Сонымен қатар, студенттерді алда Дүниежүзілік туризм күніне орай өтетін "Шымкент 2200: Туристік креативті қала бейнесі" атты форум-көрмеге қатысып, бақ сынауға шақырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризмді дамытатын келісім жасалды
  • «Ashyq» жобасының басты ерекшелігі ол – қауіпсіздік
  • Көлік жолдарының сапасын арттыруға айрықша мән берілуде
  • 551 азаматтан өтінім қабылданды
  • М.Әйтенов: Мегаполисте халықаралық спорттық жарыстар ұйымдастыруға көптеген мүмкіндік қарастырылған