Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қатысты тұрғындардың өзекті мәселелерін бақылауға алу, заң аясында шешу, халықпен кері байланыс орнату жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы ретте басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова кезекті қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда бұл жолы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлеріне қатысты өтініштерін жеткізді. Барлығына заң аясында кеңес беріліп, тиісті бөлім басшыларына мәселелерді шұғыл қадағалауға алулары тапсырылды.
Мамандардың мәліметінше «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Нұрлы жол», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» секілді бағдарламалар қалада жүйелі жүзеге асып, жыл санап жұмыссыздар саны азайып келеді.Статистикаға сүйенсек, 2011 жылы шаһарда 1941 азаматқа жұмыс ұсынылған. Ал 2020 жылы 39 623 азамат жұмыспен қамтылып, бұл көрсеткіш 20,4 есеге көбейген. 2021 жылдың қаңтар айынан бері қалада 16 768 адам мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп, жұмыс тапқан.
Басқарма басшысының жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдау барысында тұрғындар басқарма басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.